Белгілі актриса Лаура Мырзахметова "Мамский әңгіме" подкастында жеке өмірі жайлы бар шындықты ашты.
Лаура Мырзахметованы көпшілік қауым "Бақыт" фильмінде күйеуінен зорлық-зомбылық көрген және бірнеше рет аборт жасатқан кейіпкер ретінде таниды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Мамский әңгіме" подкастына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесінің айтуы бойынша, жолдасына екінші әйел алуға өзі рұқсат берген.
"Отбасы болғаннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Жолдасыма "Сен екінші әйел ал, мен рұқсатымды бердім. Қанша дегенмен еркексің, сен айтпасаң да сенің туыстарың айтуы мүмкін, мен саған ризамын" дедім. Жолдасым "жоқ алмаймын, егер Алла бізге сондай сынақты беріп тұрса, мұның да бір қайыры бар шығар" деді. "Қашан менде қуанатын күн болады" деп жылайтынмын", - деп түсіндірді актриса.
Сондай-ақ, танымал актриса 10 жыл бойы балалы болуды күткені себеп болғанын мәлім етті.
"Балалы болуды 10 жыл күттік. Үмітімді үзген едім. Сөйтіп, 2022 жылы эко арқылы көптен күткен баламызды өмірге әкелдім", - деді өнер иесі.