Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысындағы Воскресеновка ауылы әкімдігінің ғимараты өртенді

Солтүстік Қазақстан облысындағы Воскресеновка ауылының әкімдігі өртеніп кетті. Ғимарат өткен ғасырдың ортасында таза ағаштан салынған. Сондықтан өртті ауыздықтау қиынға соқты. 12 шақырым қашықтықта орналасқан өрт сөндіру бөлімінен құтқарушылар жеткенше нысан түгел отқа оранған. Әйтеуір, адам аман. Бұл ғимараттың ішінде ауылдық округ әкімдігі мен қазпошта бөлімшесі орналасқан. Сала мамандары құжаттардың түгел өртеніп кеткенін айтады.

Дмитрий РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алдын ала болжам бойынша қауіпсіздік ережелері сақтамағандықтан өрт шыққан. Алдымен пеш орналасқан бөлме өртеніп, кейін негізгі ғимаратқа көшкен. Жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Қазір оқиға орнында сала мамандары жұмыс істеп жатыр.