Мамандар ежелгі Рим қаласының орнынан жабық театр, базар және өзен портының қалдықтарын тапты. Кембридж университетінің басшылығымен жүргізілген зерттеу Италияның орталығындағы Интерамна Лиренастың бір кездері гүлденген қала болғанын көрсетті.
Табылған археологиялық қазбалар қаланың құлдырауы сарапшылар болжаған уақыттан 300 жылдан кейін басталғанын білдіреді. Қыш бұйымдарға жасалған сараптама Лационың оңтүстігіндегі қала біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасырдың соңына дейін құлдырауға қарсы тұрғанын көрсетеді.
- Біз бұған дейін ешкім қазба жұмыстарын жүргізіп көрмеген жерден бастадық. Бұл жерде ештеңе болған жоқ, көне қаланың ізі де байқалған жоқ, тек сынған қыш ыдыстардың бөлшектері жатты.
Бірақ біз бұл жерден жай провинция ғана емес, 900 жыл бойы әртүрлі қиындықтарға бейімделген гүлденген қала орнын таптық, - дейді зерттеу авторы доктор Алессандро Лаунаро.
«Интерамна Лиренас» жобасының басшысы, доктор Лаунаро археологтар бұған дейін қаланы өліп бара жатқан провинция деп санағанын айтты.
Зерттеу кезінде ол жерде үлкен қойма, ғибадатхана және монша кешені болғаны анықталды.
Зерттеушілер бұл құрылымдар біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырдың аяғынан IV ғасырға дейін өзен портына қызмет көрсеткеніне сенімді.
Археологтар командасы сонымен қатар 1500 адамға арналған жабық театрдың қалдықтарын тапты. Лаунаро бұл қаланың қуатты, тұрғындардың әл-ауқаты жоғары болғанын көрсететінін айтты.
Алайда археологтар қаланың күшпен қиратылғанын көрсететін ешқандай дәлел таппады.