Шымкент қаласының прокуратурасы өз міндеттемесін орындамаған 17 жер қойнауын пайдаланушыны анықтады.
Мемлекеттен пайдалы қазбасы бар жерді алғанда жер қойнауын пайдаланушылар бірқатар шарттарды, оның ішінде әлеуметтік сипаттағы шарттарды орындауға міндеттенеді.
Алайда барлық жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісімшарт міндеттерін адал орындамаған.
Осыған байланысты прокуратура қадағалау актісін енгізіп, нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар 7 келісімшартты бұзып, мемлекетке кадастрлық құны 1 млрд теңгеден асатын 116 га жер учаскесін қайтарды.
Ал 10 келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылар оларға жер беру үшін негіз болған 6 млн теңге сомасында шарттарды орындады.
Сондай-ақ прокурорлар жер қойнауын заңсыз өндірудің 5 фактісін анықтады және кінәлі тұлғалар ӘҚБтК 139-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.