Русский Сайттың толық нұсқасы

2024 жылдан бастап елімізде "9-20-25" жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылады

Келер жылдан бастап елімізде "9-20-25" жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылады. Бұл баспаналы болсам деген талай жан үшін жаңа мүмкіндік. Жыл сайын 8 мың қазақстандық осы бағдарлама арқылы баспана алады. Ал жас ғалымдар үшін 1 желтоқсаннан тұрғын үй бағдарламасы жұмыс істей бастады. 9 адамның өтініші мақұлданды. Несие сомасы 20 млнға дейін. Алайда, үміткерлер соңғы 3 жыл ішінде ғылыми инустуттарда ғылыми, ғылыми-техникалық зерттеулерге немесе коммерцияландыруға жататын жобаларға қатысуы қажет. Қатысушылар кезекке тұрмайды. Тек соңғы 5 жылда баспанасы болмауы керек. Сондай-ақ ғалымдардың жасы 40 жастан аспауы тиіс.

Жансұлтан МАТАЙ, «ОТБАСЫ БАНКІ» АҚ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Тізімдегі университтер мен институттардың басшылығы сол өздері тарапынан ғылыммен айналысып жүрген жастарға қолдарыңа жолдама беріп отбасы банкке жібереді. Жылдық мөлшерлемесі 5 пайыз. Алғашқы жарнасы 10 пайыздан басталады. 20 млн теңге алған адам яғни осы тұрғын жинақ банкіне сәйкес бірінші 8 жылда 155 мыңнан төлейді. Одан кейін толығымен 50 пайыздық қаражаты жинақталған кезде оның ай сайынғы төлемі 84 мың теңгеге түседі.