Жамбылда газ құбыры жарылып, қақаған қыста 5 ауылдың жұрты жылусыз қалды. Магистралді газ құбырында апат болған. Салдарынан мыңға жуық абонент көгілдір отынсыз отыр. Оның ішінде 8 әлеуметтік нысан бар.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Далада 28 градус аяз, үйде жылу жоқ есікті қырау басып жатыр.
- Газ жоқ мүлдем, үй газбен жанатын жылу жер үй газ жоқ. Электрлік плитканы қосып отырмыз.
- Үйіміз суып кетті. Құтқару қызметі сол күйі жоқ, Газ жоқ, напор жоқ. Бұл қорлауғой, үйде кішкентай балалар бар.
Газқұбыры 8 жерден жарылған. Мамандар орталық құбыр қысымға шыдамаған дейді. Қазір апаттың нақты себебін анықтау үшін талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы штаб құрылды. Жағдайды ретке келтіру үшін күндіз түні жұмыс жүріп жатыр. бүгін барлық үйге газ беріледі дейді құзырлылар.
Қанатбек МӘДІБЕК, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жарылған жерлерді жалғап бітті. Қазір соңғы жалғау жұмыстары жүргізілуде. Шамамен сол бір сағаттың ішінде бітуі керек. Біткеннен кейін қысым тексеріледі. Қысым тексерілгеннен кейін халыққа хабарландырылып айтылатын болады. Әзірге қалпына келтіру жұмыстарына қатысты ешқандай проблемма жоқ.
Тараздағы «Темір жол аумағында орналасқан» шағын ауданында газ сығырайып қалыпты. Сонымен қатар қаланың кейбір аудандарында жарық сөнген. Оған электр энергиясына жүктеменің көп түсуі себеп болыпты. Жарықтан ажыратылған аудандарда 30 арнайы бригада жұмыс істеуде.