Телехикая Кальяни жайлы. Кальяни - ата-анасының мейіріміне бөленіп өскен жасөспірім қыз.
Күндердің бір күнінде оның отбасында қайғылы жағдай орын алады. Нәтижесінде анасы қайтыс болып, әкесі кісі өлтірді деп айыпталады. Осы оқиғалардан кейін бойжеткен қамқоршысымен бірге тұруға мәжбүр болады. Қамқоршысының да бұл оқиғаға қатысы болуы мүмкін бе? Кальяни тағдырдың талқысынан сүрінбей өте алар ма екен? Оны алда не күтіп тұр?