Телехикая шынайы оқиғаларға негізделген. Сюжет өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің өмірін баяндайды. Әрбір эпизод басты кейіпкердің өміріндегі маңызды сәттерді сипаттайды. Мектеп кезінен бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің КТИ-де оқу, алғашқы жұмыс, үйлену тойы, қыздарының дүниеге келуі және қайғылы өртке дейін. Мұның бәрі драма призмасы арқылы көрсетіледі және сол арқылы интрига тудырылады.
Басты кейіпкердің есімі Асқар, 29 жаста, №6 өрт сөндіру бекетінде өрт сөндіруші болып жұмыс істейді. Табиғатынан табанды, қыңыр, шыншыл, білікті Асқар мектеп кезінен-ақ бойында батырлық, көшбасшылық, халқына үнемі көмектесу сияқты қасиеттерді бойына сіңірді.
Сонымен қатар, телехикая жалпы өрт сөндірушілердің күнделікті өмірін көрсетеді.