Русский Сайттың толық нұсқасы

"Астана" арнасында жаңа отандық телехикаяның тұсаукесері

Жаңа маусымда жаңа телехикая. «Астана» телеарнасы жаңа отандық телехикаяның түсірілімін бастады. «Жүрек сыры» деген атпен экранға жол тартатын туындының басты кейіпкерлері Әмина мен Ақнұр есімді апалы сіңілі қыздар. Екеуінің сыртқы келбеттері бір-біріне ұқсайды. Бірақ жан дүиелері екі түрлі. Ақнұр - алаңғасар, басын ылғи тәуекелге тігіп, шытырман оқиағалардың арасында жүреді. Ал Әмина, керісінше, әлжуас, туғанынан жүрегі науқас. Телехикаяның басты сыры да осы - жүрек оқиғасы. Әминаны аман алып қалу үшін донорлық жүрек керек, әпкесінің жүрегі. Ата-ана бір қызын аман алып қалу үшін, екіншісінің өмірін қия ма? Жуырда эфирге шығатын сериалдан білесіздер. 



Өткен шығарылымдар