Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәуекел Мүсілім алғаш рет әйелі туралы ашық айтты

Қазақтың ең келбетті жігіті Тәуекел Мүсілім үйленген бе? Көпті қызықтыратын бұл сұрақтың жауабы осы күнге дейін айтылмай келді. Ал көрермен бірде оны Жанар Дұғаловаға қосты, бірде мектеп оқушысына үйлендіріп қойды. Бірақ актердің өзі бұл туралы ешқашан айтпаған. Алғаш рет "Ел аузында" бағдарламасына тіс жарды. Оның өзінде "жуырда әйелімнің кім екенін барлық жұрт біледі" деумен шектелді. Соған қарағанда жақын күндері қыз біткеннің жүрегін жаулаған жігіт өз отбасы туралы айтуға тәуекел еткен секілді. Оның тағы бір ойы - әкесі туралы фильм түсіру екені белгілі болды. Фильмнің атын әкесінің есімімен бірдей етіп "Сабыр" деп қоюды жоспарлапты. 


Өткен шығарылымдар