Русский Сайттың толық нұсқасы

Ляззат Қалдыбекова мен ұстазы Есмұхан Обаевты не байланыстырады?

Алғашқы қазақ аруы Ләззат Қалдыбекова өзінің өмірі мен өнері туралы "Ел аузында" бағдарламасына ашық сұхбат берді. Айтуынша, ару баласы үшін бұрынғы күйеуімен бір емес, екі рет қосылған. Алайда махаббатта жолы болмапты. Сол себепті ол өнерге, шығармашылыққа ден қойған. Ал алдағы уақытта отбасы құратын болса, күйеу жігіт міндетті түрде бойдақ болуы шарт дейді Ләззат Қалдыбекова. Себебі жаңа өмірін біреудің отбасын бұзу арқылы бастағысы келмейді. Бұрынғы кінәсіз тағылған айып ару қыздың жүрегіне қатты соққы болған. 

Ләззат ҚАЛДЫБЕКОВА, ӘНШІ, АКТРИСА:

Маған сын тағылды. Мысалы, менің ұстазым Есмұған Обаев. Ол жылдары Әуезов театрында өтті "Қазақ аруы". Сонда сондай сөздер болған... "Сен ұстазыңмен бірге болғансың, сол кісі көтерді"  деген сияқты... Сен көтерілген сайын сондай сөздер жүреді. Қарапайым адам болсаң да, "ол ананың анауы ғой, сосын сондай болды ғой" деген сияқты айып тағылды. 

Өткен шығарылымдар