Қазақша Полная версия

Ерке Есмахан бұрынғы продюсері Баян Мақсатқызы туралы мәлімдеме жасады немесе "Алло" фильмі жайлы

Ерке Есмахан тағы бір фильм түсіруі мүмкін. Бұл жолы кезінде экс-продюсері Баян Мақсатқызы бастаған "Алло" фильмі жайлы. Естеріңізде болса, "Алло" әніне түсірілген клип елді таң қалдырған еді. Ізінше клиптің фильмге айналуы мүмкін екені, бұл киноны Баян Алагөзова түсіретіні айтылды. Бірақ одан кейін Төреғали өз алдына, Ерке өз алдына кино түсіріп, бұл әлемнің дәмін татты. Әнші Ерке Есмахан "Ел аузында" бағдарламасына берген сұхбатында: "Бұл тақырып жабылды, ал болашақта түсіріліп жатса, таң қалмаңыздар", - деді. Клипке қарағанда, фильмнен түсетін пайда көп болса керек. Кей мәліметтер бойынша, Төреғали Төреәлінің фильмі бір аптаның ішінде 101 млн. теңге табыс тапқан.


Прошедшие выпуски