Қазақша Полная версия

Сахнаға мас күйінде шығатын әншілер кімдер?

Әнші Нұржан Керменбаев сахнаға арақ ішіп шығатын әріптестері жайлы бар шындықты жайып салды. Бұл туралы "Астана" арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына:

Көріп жүрміз, ішетіндер де бар, ішпейтіндер де бар. Бұрын ішіп, қазір ішпей қалғандар да бар. Сол ішпей қалғандардың қатарына көбісі қосылса екен деймін. Өйткені ішпегеніміз өзімізге абзал. Өмірімізде береке болады, - деп ағынан жарылды. 

Ал дәстүрлі әнші Айгүл Елшібева мас халде киелі сахнаға шығатын әншілерден әбден шаршаса керек, фонограммамен айтатындар ішіп алып сахнаны қорлайды деді. Көрерменнен не жасырасың? Олар кімнің кім екенін әншілердің өздерінен де жақсы біледі. 


Прошедшие выпуски