Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 14 желтоқсан күні ауа райы қандай болады

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2023
  • 795

Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 14 желтоқсанға арналған күн райы болжамын ұсынды.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны ықпал етеді, негізінен жауын-шашынсыз, аяз болады.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұрқасын соғады. Атыраудың оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облыстарының шығысында шаңды дауыл тұрады, оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі", – дейді синоптиктер.

Қазақстан бойынша жел күшейеді деп болжанды.