Русский Сайттың толық нұсқасы

Дәрігер көлік ішінде 9 әйелді босандырып алған: Қызылорда облысында жүкті әйел түн ішінде жолда туып қалған

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2023
  • 862

Қызылорда облысында жүкті әйел қақаған аязда жолда босанып қалған. Бұл туралы Сексеуіл ауылы әкімінің орынбасары Нұрбек Орынбасаров айтты, - деп хабарлайды  kaz.caravan

13 желтоқсанда түнгі сағат 00:15 шамасында 30 градус аязда Арал ауданы, Сексеуіл кентінің жедел жәрдем бөлімшесінің субардинаторы Кәмшат Оразғалиева пен фельдшер Манас Орынбаев Ақеспе елді мекенінің тұрғыны, босанатын күні жақындаған жүкті әйел Марина Нұржанованы Арал қаласындағы перзентханаға апарар жолда аман-есен босандырып алды.

Қазір ана мен сәбидің жағдайы қалыпты, Арал қаласындағы аудандық перзентханада дәрігерлердің бақылауында.

"Сексеуіл кентінің жедел жәрдем қызметкері Кәмшат Оразғалиева осы уақытқа дейін тоғыз ананы жолда автокөлік ішінде босандырып алған. Ерен еңбегімен қызметіне адал медицина қызметкері Кәмшатқа жергілікті тұрғындардың ықыласы ерекше", - делінген хабарламада.