Русский Сайттың толық нұсқасы

"Волонтер қызды бөлмесіне шақырған": Виолончельші Бағжан Октябрь мәдениет басқармасына үндеу жасады

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2023
  • 1038

Павлодар қаласында виолончельші Бағжан Октябрь концерт берген болатын. Ол жергілікті концерт ұйымдастырушыларына ренішін білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі Павлодар өңіріне екінші рет жеке шығармашылық кешін берген.

“Рақмет, Павлодар! Концерт залының басшылығы менің жұмысшыларыма дөрекі қылық көрсетіп, дайындық барысында жарықты өшіремін деп қорқытқан. Қызметкерлерімнің арасында қарындасым Дина да бар. Оған да дөрекі мінезін көрсетіп, итеріп жіберген. Былтыр да дәл осы қызметкер ішіп алып, жағымсыз қылық көрсетіп еді. “Сендер менің жерімде жүрсіңдер! Мен не істесем де өзім білем” деп айтқан болатын. Ол кезде мен үндемедім. Осы жолғы қылығына шыдай алмадым. Өнерімді көрсетіп, сахна сыртына келсем, Динаның жылап отырғанын көрдім. Сол кезде ғана бәрін білдім. Концерт залының ақшасы толық төленген болса да, жарықты өшірем дегені қай сасқаны?!. Кәсібилік қайда?!. Бұл іскеПавлодар қалалық мәдениет басқармасының назар аударуын сұраймын”, – деп ренжіді виолончельші.

Концерт қоятын кезде волонтерлердің көмегіне жүгінетін өнер иесі, көмекке келетіндердің дені – жас қыздар екенін айтады.

“Әр концерт өткізген сайын волонтерлердің көмегіне жүгінемін. Олардың дені – жас қыздар. Сол қыздардың біріне тиісіп, “менің бөлмеме кеттік” деп айтқан. Мен ойлаймын бұл дабыл қағатын жайт”, – дейді өнер иесі.