Русский Сайттың толық нұсқасы

Ипотеканың 67 пайызы онлайн тіркеледі - министр

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2023
  • 825

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ведомствоның 2023 жылғы жетістіктеріне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Big data арқасында 50 млн анықтама тапсыру қажеті жойылды. Мысалы, жылда 106 мың студент оқу орнынан, емханадан анықтама алып, военкоматқа тапсыруға 2 апта жұмсайтын. Енді студент статусын дәлелдеудің қажеті жоқ. Үш министрліктің базаларын интеграциялап, студенттер анықтама жинамай-ақ автоматты түрде әскерден босатылады”, - деді министр Бағдат Мусин.

Ведомство басшысы қазақстандықтар арасында цифрлық сервистер үлкен сұранысқа ие екенін баса айтты.

“Сенімхаттардың 5 пайызын цифрлық форматқа көшірдік. Автокөлікті тіркеудің 55%-ы онлайн форматта жасалады. Ипотеканың 67 пайызы банктерде онлайн тіркеледі. Электронды үкімет әр азаматты туған күнімен құттықтауды немесе құжаттардың мерзімі аяқталып қалғаны туралы алдын-ала хабарлауды үйренді”, - деді ол.

Бұдан басқа елде цифрлық нотариат, жылжымайтын мүлікті онлайн сатып алу, соттан тыс банкроттық, көлікті заңдастыру, қарыздан онлайн бас тарту қызметтері де танымал.