Олардың арасында қол-аяғы сынған балаларда бар.
«12 адамға операция жасалды»: Ақтауда көктайғақ салдарынан жарақат алғандар көбейді.
Ақтауда көктайғақтың салдарынан жарақат алғандар көбейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық аурухананың қабылдау бөліміне соңғы 3 тәулікте 120-дан астам адам келіп түскен. Соның 12-сіне шұғыл операция жасалды.
Қазір науқастар нейрохирургия және травматология бөлімшелерінде ем қабылдап жатыр. Олардың арасында қол-аяғы сынған балаларда бар.