Русский Сайттың толық нұсқасы

"Егемендік – біздің ең басты құндылығымыз",-М.Әшімбаев

  • AstanaTV
  • 16 желтоқсан 2023
  • 721

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік күні – мемлекеттілікті нығайтатын, отаншылдықты арттыратын және ұлтты ұйыстыратын айшықты мереке. Сондықтан бұл датаның маңызы зор, мәні ерекше. Егемендік – біздің ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізбегеніміз анық. Сол себепті бүгінгідей қастерлі мерекеде біз азаттық жолында басын бәйгеге тіккен арыстарымыз бен еркіндік үшін етігімен су кешкен аға буынның рухына тағзым етеміз. Олардың ғибратты ғұмыры мен еңселі елдікке бастаған батыл қадамдарын кеңінен дәріптейміз. Бұл – таутұлғаларымызды мәңгі жадымызда сақтау және Тәуелсіздіктің қадірін жете түсіну үшін аса маңызды», - деп жазды Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында.

Сенат Төрағасы қазіргі таңда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды реформалар іске асырылып жатқанын атап өтті. Оның бәрі Тәуелсіздікті сақтау, Қазақстанды өсіп-өркендеген, дамыған елге айналдыру және әділеттілік салтанат құрған мемлекет қалыптастыру сияқты маңызды міндеттерге табан тірейді.

«Осы жолда бәріміз жұдырықтай жұмыла білсек, шын мәнінде, елдігіміздің іргесі бекемделіп, еңсесі биіктей түседі. Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, рухымыз асқақтай берсін!» - деді Сенат Төрағасы.