Русский Сайттың толық нұсқасы

"Анамды көрмей, Испанияға қайтпаймын". Бельгиялық әйел асырап алған қазақ баласы халықтан көмек сұрады

  • AstanaTV
  • 18 желтоқсан 2023
  • 3891

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тарған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ елінен қолдау күтетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Эдди Жан анасын таппайынша Испанияға оралмайтынын айтты.

 "Мен анама қазіргідей жақын болған емеспін. Сондықтан мен анамды тапқанша Испанияға оралмауды жөн көрдім. Құрметті қазақ елі маған сіздердің қолдауларыңыз бен көмектеріңіз керек. Осы постты әлуеметтік желіде бөлісіңіз. Маған ана керек. Қазақстаннан туған анамды тауып, оны құшағыма алғым келеді", - деп жазды ол.