Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда көпқабатты үй тұрғындары жылуға жарымай отыр

Павлодарда көп қабатты үй тұрғындары жылуға жарымай отыр. Сақылдаған сары аязда пәтерлер тіптен суып кеткен. Қатты аяз басталғалы тұрғын үй инспекциясына 160-тан астам шағым түсіпті. Қазір құзырлы органдар өтініш түскен үйлерді тексеріп, жылудың неге тиісті деңгейде берілмей жатқынын анықтап жатыр.

Маржан Байтемірова пәтерінің жылынбайтына шағымданды. Айтуынша, қатты аяздан үй іші азынап кеткен. Суықтан немересін балабақшаға апаруға мәжбүр болыпты. Өйткені, үйден гөрі балабақша әлдеқайда жылы көрінеді.

Маржан БАЙТЕМІРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

16 градус қана осы үйде температура. Мына комнатаны вообще жауып тастадық. Ол жақта вообще сұп суық. Балалар киіммен жатады. Өзіміз киінгенде осылай жүреміз. ... басқа пәтерлерде де осылай суық.

Зейнеткер үйде тоңып қалмас үшін күні-түні жылытқыш қосып отыр. Ал ол коммуналдық шығынды еселей түсуде.

Маржан БАЙТЕМІРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Суық басталғалы жылытқыш қосып отырмыз. Енді постояна қосуға мотает электр энергию. Білмеймін енді не істейтінімізді. Балалар суықтан келіп, суыққа кетеді. Киіммен жатады.

Тұрғын үй инпекциясына 160-тан астам шағым түскен. Құзырлы орган өкілдері пәтерлерге тексеру жүргізді. Нәтижесінде 5 көпқабатты үйде жылу мөлшерінің тым төмен болғанын анықтаған.

Дархан ӘЗІМХАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұл үйлер бойынша жылу орталығы тарапынан тиісті шаралар қабылданатын болады. Кейбір үйлерде жылу жүйесі дұрыс емес. Сол себепті жылу дұрыс берілмеген. Онымен үйге қызмет көрсетуші ұймыдар айналысып жатыр. Ал Мәшһүр Жүсіп көшесі 25 мекен-жайы бойынша өтініш түскен жоқ. Өтініш болған кезде мониторингтік топпен бірлесіп тексеріс жүргіземіз.

Ал мардымсыз жылу берілген үйлердің шығыны қайта есептеледі. Ол үшін тұрғындар пәтер иелері коперативіне ескертіп, тиісті мекемелерге арыз жазуы керек.