Русский Сайттың толық нұсқасы

Жезқазған жылу орталығында 5 қазандықтың үшеуі істен шықты

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2023
  • 1171

Жезқазған жылу-электр орталығындағы 5 қазандықтың үшеуі істен шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Энергетика министрлігі Жезқазған жылу-электр орталығында (ЖЭО) қазандықтардың апатты түрде тоқтатылуына қатысты түсініктеме берді.

"Қазір ЖЭО-да екі қазандық жұмыс істеп тұр, жылу желілеріндегі температура нормадан 10 градусқа төмен. Кеше кешке №4 қазандықта жарықшақ пайда болды. Ақау анықталған соң, қазандық өшіріліп, жөндеу жұмыстары басталды, қазандық бүгін (19 желтоқсан) сағат 20.00-де қайта іске қосылады", – делінген хабарламада.

Жылу орталығындағы апатқа қатысты қала әкімі де мәлімдеме жасады.

"Бүгін сағат 7:15-те №5 қазандықта тағы бір жарықша анықталды. Бұл жөндеу жұмыстары таңертең аяқталады деп күтілуде. №6 қазандық бүгін сағат 10:15-те істен шықты, түтін сорғыш қозғалтқышы істен шыққан. Аталмыш қазандық бүгін түн ортасына дейін қалыпқа келтіріледі деп күтілуде", – деді қала әкімі Қайрат Шайжанов.

Қала әкімінің айтуынша, 4 қазандық жұмыс істеп, температура қалыпқа келеді. ЖЭО мамандары  10.00-де 5-ші қазандықты іске қосуды жоспарлап отыр.