Русский Сайттың толық нұсқасы

Баспана мәселесі: Депутаттар жаңа ипотека әзірлеуді ұсынды

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2023
  • 897

Respublica партиясының депутаттары өңдеу өнеркәсібі жұмысшыларына арналған «Өнеркәсіптік ипотека» әзірлеуді ұсынып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы мәселеге қатысты сауалды депутаттар Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдады.

Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібін үдемелі дамытудың және оның ішкі жалпы өнім құрылымындағы үлесін арттырудың маңыздылығы туралы бірнеше рет айтты. Қазір оның үлесі 13,4 пайызды құрайды. Бұл ретте салада білікті кадрлардың сауда, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі сияқты басқа салаларға кетуі проблемасы бар. Оның себебі – бәсекеге қабілетсіз жалақы. Жетіспеушілік жұмысшылардан инженерлерге дейін барлық деңгейде байқалады, - деді депутат.

Өңдеу секторындағы жұмысшылардың орташа жалақысы 415 мың теңгені құрайды, бұл басқа салалармен салыстырғанда төмен. Мәселен, тау-кен өнеркәсібінде орташа жалақы 757 мың, ақпарат және коммуникация саласында – 530 мың, құрылыста – 484 мың, көлік пен қоймада – 474 мың теңге.

Динара Шүкіжанова кадрлардың кетуіне жеке баспана алу үшін көбірек табыс табуға ұмтылу басты себеп екенін айтты. Бизнес баспанаға деген сұранысты өз бетінше қамтамасыз ете алмайды.

Кадрлардың басқа салаларға кетуі мәселесін шешу, сондай-ақ адамдардың өндірісте жұмысын жалғастыруға деген қызығушылығын арттыру мақсатында біз өңдеуші «Әскери баспана» ипотекасы сияқты өнеркәсіп қызметкерлеріне 6 пайыздық мөлшерлемемен және тұрғын үй құнының 15 пайызынан бастапқы жарнамен жеңілдетілген бағдарлама әзірлеуді ұсынамыз, - деп атап өтті Шүкіжанова.

Сонымен қатар әлеуметтік шиеленісті жеңілдету және азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында партия фракциясы халықтың барлық санаттары үшін «Отбасы банкі» АҚ-нан есептік құны нөлге тең болатын аралық несие алудың бұрынғы шарттарын қайтаруды ұсынады.

Жеңілдетілген ипотекалық шарттар саладағы бар құзыреттерді сақтауға көмектесіп қана қоймай, өндіріс қызметкерлерінің беделін айтарлықтай арттырады.