Русский Сайттың толық нұсқасы

"17 млн теңге төленді". Медициналық ұйымдарда тиісті сертификаты жоқ мамандар жұмыс істеген

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2023
  • 844
Фото: tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қызылорда облысында медициналық ұйымдарда тиісті сертификаты жоқ мамандар жұмыс істеп келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.

Прокурорлар емдеу мекемелерін тексеріп, 21 маманның біліктілігін растайтын құжаты жоқ екенін анықтады. Мұнан бөлек, әскери борышын өтеуге кетіп, тұрғылықты мекен жайында болмаған 900-ден астам азаматтқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді деген жалған құжатпен мемлекеттен 17 миллион теңге төленген.

Жалпы облыс бойынша 19 денсаулық сақтау нысанын тексеру барысында 21 мың науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмегені де белгілі болып отыр.

"13 адамның құқығы қорғалды. Бұзушылыққа жол берген 242 тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. Оның ішінде әкімшілік жауапқа тартылғандар да бар. Бюджетке 27 миллион теңге өндірілді", - деді облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары Әділжан Сыздықов.