Қазақстандық танымал тележүргізуші, медиа менеджер Ләйлә Сұлтанқызы туған күнінде жақындарынан алған сыйлықтарын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы туған күнінен кейін Instgram парақшасында видео жариялап, жақындарынан алған сыйлықтарын көрсетті.
Бейнежазбадан тележүргізушінің үйі гүл шоқтары мен түрлі бағалы бренд заттарға толып кеткенін байқауға болады. Сұлтанқызы өзін туған күнімен құттықтап, ерекше сый-сыяпат табыстаған жандарға алғысын білдірді. Медиа менеджер сансыз сыйлықтарының арасындағы өзі үшін ең қымбаты қайссы екенін де айтып өтті.
Тележүргізушіге аса бағалы бренд заттар емес, ЭҚҰ орталықта өзі көмектескен әйелдердің сыйлығы ерекше әсер қалдырған. Сұлтанқызының көмегімен аталмыш орталыққа жолдама алып, кейін балалы болған келіншектер оған отбасылық суретін сыйлаған.
"Зере, Мирас, Алмаз, Сұлтан, Іңкәр- елдің ұл-қыздары. Рақмет! "Бала-бала деп, өзін ұмытпау керек" дегенді мен ЭҚҰ орталықтардан кейін өте қиын және ауыр қабылдаймын. Мүмкін түрлі тағдырларды көргеннен кейін шығар. 5 бала, артында отбасы ғана емес, бүтін бір текті әулет тұр. Қазақ үшін "әулет" өте қадірлі ұғым ғой. Осы балапандарымыз дүниеге келем дегенше ата-ана, отбасы, туыстардан бөлек, Алладан тілеп, уайымдаған дәрігерлерді көрдік. Құдайдың қолдауы, сіздердің тілеулеріңіз, үлкендердің батасы, біздің қор мен орталықтың арқасында дүниеге келген 5 нәрестенің жолын биылғы 17 пациентке (отбасыларға) берсін", - деп жазды Сұлтанқызы.