Қарттар үйін тұрақтаған қос қария бірін-бірі осы жерде тапқан. 61 жастағы Найля Нуриеваның мұнда келгеніне көп бола қоймапты. Күйеуі қайтыс болғасын соң жалғыз қалыпты. Сөзінше, өзге ет жақыны жоқ. Жаныма жалау болар жан табылса екен деп тілеп жүргенімде жақсы жанды осы орталықта жолықтырдым дейді. Ал күйеу жігіт, яғни 76 жастағы Рахымбек Смадияров қалыңдығын көре сала ұнатқан. Болашақ жары Найля да көп созбақтамай келісім бергенін айтады.
Найля НУРИЕВА;
Біз екі айдай кездесіп жүрдік. Сыртта бірге серуендеп, ғимарат ішінде бірге кино көріп дегендей...Тағдыр екен. Екеуміз құжатымызды тапсырып, заңды түрде некелестік. Осындағы қыздарға рақмет, құжаттарды реттеуге көмектесті. Өмір тым қысқа ғой. Бүгін бар адам ертең жоқ... Сондықтан бір күн болса да, бақытты күн кешкенге не жетсін...Бұйрықтан артық ештеңе жоқ.