Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылда биыл 527 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмыспен қамтылған

«Амаnат» партияның сайлауалды бағдарламасындағы басты бағыттарының бірі- халықтың ең мұқтаж топтарына қолдау көрсету. Барлық азаматтарға әлеуметтік қызметтер қолжетімді болу қажет. Таразда «Амаnат» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ерекше қажеттілігі бар жандарды жұмыспен қамту үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Өңірде 45 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Аталған жәрмеңке аудандарда да өткізіледі.

Серік ӘЛІБЕКОВ, ЕҢБЕК МОБИЛЬДІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мекемелер мен кәсіпорындардан 20 ға жуық жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс берушілер қатысып, өз бос жұмыс орындарын ұсынатын болады. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі арылы осы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды уақытша немесе тұрақты жұмыспен қамту болып табылады.

Жамбылда жарым жандарды жұмыспен қамту үшін жыл басынан бері 40 жәрмеңке өтіп, 527 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, 673 азамат уақытша жұмысқа орналасты. Айта кетейік , аймақта 5 жыл ішінде 1290 әлеуметтік маңызды ғимараттар ерекше қажеттілігі бар жандарға бейімделетін болады. Биылдың өзінде партия 259 нысанға зерделеу жүргізнген.

Анар БЕКСҰЛТАНОВА, «ШЕБЕР ШАҢЫРАҚ» МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Қазіргі таңда өзін өзі таппай жүрген, қандайда бір қолдау күтетін азаматтар әлі де бар. Бұл үлкен мүмкіндек. Мүмкіндікті барынша пайдалану керек. Үйде отырып, маған келеді деу ол дұрыс емес. Қандай да бір істі бастағанда, Алдымен өзі қадам басу керек. Сол кезде ғана оның нәтижесі болады.