Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда жалған сертификат дайындайтын жасырын цех анықталды

Павлодарда жалған сертификат дайындайтын жасырын цех анықталды. Дәрігерлердің біліктілігін арттырдық деп куәлік беріп отырған. Тексеру барысында цех ішінен 1200 дайын сертификат табылды. Осы іске қатысты медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің бөлім басшысы мен тағы 3 қызметкер ұсталды.

Медет ӘМІРӘЛИНОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Анығында цех Семей қаласында болған. Күдікке ілінген павлодарлық азаматтар сонда барып, принтер және сканер арқылы құжат дайындаған. Осылайша дәрігерлерге біліктілігін көтеру үшін жоғары оқу орнында курстан өтті деген куәлік беріп отырған. 4 қызметкердің ісі дәлелденіп, сотқа жіберілді.