22 желтоқсан сағат 17.00-дегі жағдай бойынша 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.
Жамбыл облысында 1 учаске, Алматы-Ташкент-Термез автожолының Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі бөлігі жабық.
Жетісу облысында 1 учаске, Үшарал-Достық автожолының Көктума станциясынан Достық станциясына дейінгі жол жабық.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (боран, көріністің қиындауы).
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 715 техника жұмыс істеп жатыр.