Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-да қызылша жұқтырған бала саны 150-ге таяп қалды

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2023
  • 832

Шығыс Қазақстан облысында қызылша жұқтырған бала саны 150-ге таяп қалды.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда өңір бойынша 209 адам қызылша жұқтырған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны – 147. Бұл науқастардың жалпы санының 70 пайызы.

«Глубокое ауданында – 6, Зайсан ауданында – 34, Алтай ауданында – 35, Самар ауданында – 8, Риддер қаласында – 1, Ұлан ауданында – 4, Өскемен қаласында – 120, Шемонаиха ауданында – 1 науқас тіркелді. Сырқатқа шалдыққандардың көбі екпе алмаған және вакцинация туралы мәліметтері жоқ адамдар (65%). Жүргізілген эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде 13 адамның Алматы, Атырау қалаларында және Түркия, Тәжікстан елдерінен ауырып келгені анықталды», - дейді департамент басшысы Қанат Тұрдиев.

Оның айтуынша, қараша айынан бастап қызылшаға қарсы 6-11 айлық балаларға, желтоқсаннан 2-4 жастағы балаларға қосымша жаппай иммундау жүргізілуде. Қазірде 6-11 ай аралығындағы 2600 бала, 2-4 жастағы 10 179 бала екпе алды.