Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жаңа туған нәресте өлі күйінде табылды

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2023
  • 812

Шымкенттегі Нұрсәт шағынауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің аумағынан жаңа туған нәресте өлі күйінде табылды. Бұл туралы Otyrar.kz Telegram-дағы арнасында қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым жазуынша, 21 желтоқсанда Қаратау аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына жаңа туған нәресте өлі күйінде табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық-кодекстің 100-бабы бойынша (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері нәрестенің анасын іздестіруде.

Еске сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Рудныйда қоқыс контейнерінен полиэтилен пакетке оралған жаңа туған сәбидің денесі табылған еді. Сол кезде де Қылмыстық-кодекстің 100-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.