Русский Сайттың толық нұсқасы

Белгілі ауыр атлет Илья Ильинге ота жасалды

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2023
  • 690

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинге академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығында ота жасалды, хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

ДСМ мәліметінше, Илья Ильин жаттығу барысында тізесінен (менисктің жыртылуы) жарақат алған. Емдеуге жатқызылғаннан кейін бірден тексерістен өтіп, келесі күні оған операция жасалған. Артроскопия және спорттық жарақат бөлімінің травматолог-ортопед дәрігері Нұржан Асанов спортшыға отаны сәтті жасаған. Қазір Илья Ильин өзін жақсы сезінетінін айтады және операциядан кейін қалпына келтіруде шешуші рөл атқаратын оңалту курсынан өтіп жатқанын атап өтті.

"Менің көңіл-күйім өте жақсы. Өзімнің емдеуші дәрігерім Нұржан Мұхамеджанұлы Асановқа алғысымды айтамын, ол өз ісінің нағыз маманы. Көптеген кәсіби спортшылар академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО-да емделеді және қалпына келеді. Қазақстандық травматолог-ортопедтер ең үздік", - деп белгілі ауыр атлет дәрігерлерге ризашылығын жеткізді.