Русский Сайттың толық нұсқасы

"Өмірімде өзгерістер басталған секілді". Анасын іздеп жүрген, бельгиялықтар асырап алған қазақтың баласы жаңалығын бөлісті

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2023
  • 11648

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр. Мұрат біраз уақыт өзі туған жерді аралап, анасын іздеді. Енді ол анасын көрмейінше қайтпайтынын айтады. Ол жақында өміріндегі өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұрат жақында "Көреміз" бағдарламасына қатысып, тағы да ДНҚ сынама тапсырғанын айтты. Сондай-ақ, Қостанайға барып, ұзақ жолға шыққан.

"Бұл постты жазуымның негізгі себебі: Жақында менің өмірім жайлы шығарылым эфирге жол тартпақ. Оны барлығы үлкен теледидардан немесе ютуб арнасынан көруіне болады. Егер анамнан ешқандай хабар болмаса, бұнымен тоқтамаймын. Іздеймін, зерттеулерді жалғастырамын. Сонымен достар, жақында менің өмірімді өзгертетіндей үлкен жаңалықтар болуы мүмкін", - деп жазды ол.