Русский Сайттың толық нұсқасы

Екі мың жыл бұрын өмір сүрген — Ұлыбританиядан сармат адамының сүйегі табылды

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2023
  • 1220

Осыдан 2 мың жыл бұрын қазіргі Ресейдің оңтүстігінде дүниеге келген жас жігіт қалайша шалғайдағы ағылшын жеріне тап болды? ДНҚ сарапшылары оның жолын зерттеп, Рим Ұлыбритания тарихындағы маңызды эпизодты анықтады.

Ғалымдар (Олардың зерттеулерінің нәтижесі Current Biology журналында жарияланған) Кембриджширден (Англияның шығысындағы аймақ) табылған сүйектің сарматтар деп аталатын көшпелілер тобынан шыққан адамның сүйегі екенін анықтады.

Бұл адамдардың Ұлыбританияға Рим империясының шалғай аудандарынан келгендігінің алғашқы биологиялық дәлелі.

Сүйек қалдықтары Кембридж бен Хантингдон арасындағы А14 жолының құрылысы барысында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған.

Сүйек толық әрі жақсы сақталған.

Ол жалғыз өзі жерленген, жеке заттары қоса жерленбеген, сондықтан оның кім болғанын анықтау қиынға соқты.

«Бұл тірі адамның ДНҚ сараптамасын талдау сияқты емес. ДНҚ қатты бөлшектенген және зақымданған. Дегенмен, біз оның жеткілікті мөлшерін анықтай алдық. Біздің бірінші байқағанымыз, оның генетикалық тұрғыдан бұған дейін зерттелген басқа романо-британдықтардан айтарлықтай ерекшеленетіні болды», - деді Лондондағы Фрэнсис Крик институтының Ежелгі геномика зертханасының ғалымы Марина Сильва.

Алғашын археологтары Оффордты қарапайым жергілікті тұрғын деп шешті. Алайда, доктор Сильваның зертханасы жүргізген ДНҚ сынағы оның Рим империясының ең қиыр шетінен – қазіргі Ресейдің оңтүстігінен, Украина мен Армениядан келгенін көрсетті.

Сараптама оның сармат екенін, атқа міну қабілеті жоғары иран тілдес халықтың өкілі екенін анықтады.

Алайда ол бұл жаққа қалай тап болды?

Бұл сұрақтарға жауап табу үшін Дарем университетінің археологтары талдаудың тағы бір қызықты әдісін қолданды. Археологтар оның жеген тағамының химиялық іздері қалған тістерін зерттеді.

Сараптама көрсеткендей, ол алты жасына дейін сарматтар мекендеген аймақта көп кездесетін, ғылымда С4 дақылдары деп аталатын тары мен құмай дәндерін жеген.

Бірақ, профессор Джанет Монтгомеридің айтуынша, уақыт өте келе ол бұл дақылдарды аз тұтына бастаған, ал оның рационында Батыс Еуропада кездесетін бидай пайда болған.

Тарихи деректер Оффордтың атты сарбаздың ұлы немесе оның құлы болуы мүмкін екенін көрсетеді, өйткені дәл осы кезеңде Сармат атты әскерінің бір бөлігі Рим әскеріне қосылып, Ұлыбританияға жіберілген.