Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Ресей Президентінің шақыруымен Санкт-Петербург қаласына барды

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2023
  • 1021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды.

«Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр», - деп жазды Ақордадан.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.