Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ зиялыларын жатқа білетін шымкенттік 3 жасар бүлдіршін көпті сүйсіндірді

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2023
  • 2059

Қазақ зиялыларының аты-жөні мен суретін жатқа білетін бүлдіршін көпті сүйсіндірді. Балабақша жасындағы баланың ақын-жазушыларды жатқа айтып отырған сәтінің видеосын анасы ТікТок парақшасында жариялады, - деп хабарлайды otyrar.kz.

Видеода қолына "Әдебиеттік оқу" пәнінің оқулығын ұстаған балақайдың анасы кітапты парақтап отырып, ұлынан ондағы ақын-жазушылардың аты-жөнін сұрайды. Бүлдіршін "Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов" деп қазақ зиялылыларының есімдерін айтып береді.