Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қасында отырып, сырласып үлгердім": Айгүл Иманбаеваның ұлы желіде марқұм атасына жазба арнады

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2023
  • 10336

Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы Асылжан Әбдімүтәлі желіде марқұм атасына әсерлі жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асылжан Әбдімүтәлі өмірден озған атасына арнаған жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

"Есімімді Асылжан деп қойған Әбдімүтәлі атам, әзілқой әрі момын адам еді. Аллаға сансыз шүкір осындай атам болғанына, сол кісінің көзін көріп, қасында отырып сырласып үлгергенімізге", - деп жазды ол. Айта кетейік, 19 желтоқсан күні Сәбит Әбдіхалықов әкесінің өмірден өткенін хабарлаған еді.

Айгүл Иманбаева қайын атасына желіде жазба арнап, бұрынғы күйеуіне көңіл айтты.