Русский Сайттың толық нұсқасы

Әскери қызметшілердің балаларына арналған Жаңа жылдық кеш басталды

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2023
  • 2263

Қорғаныс министрлігі "Тілектер шыршасы" акциясын бастады. Бүгіннен бастап Қарулы күштердің барлық гарнизондарында, өңірлік қолбасшылықтарда, әскери бөлімдер мен балаларға арналған жаңа жылдық кеш ұйымдастырылады. Мерекелік шара Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығында бастау алды. Оған Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов қатысты. Жаңа жылдық кештің қонақтары әскери қызметшілердің балалары, "Жас сарбаз" балалар студиясының тәрбиеленушілері және Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж ұландары мен шығармашылық взвод сарбаздары болды. Кеш барысында Сұлтан Камалетдинов 3 баланың Аяз атаға жазған хатын ашты.

Ербол ЖҮСІПОВ, ҚР ҚК ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тілектер шыршасы акциялық барлық горнизондар да және қолбасшылықтар да, әскери бөлімшелер мен мекемелерде өтетін болады. Командирлер, қолбасшылар балаларының армандарын орындауға, әскери техникамен жүргізіп, ұшақтармен ұшырып, балаларының армандарын орындайтын болады.