АҚШ-тың Флорида штатында 14 жастағы жасөспірім Рождество мейрамында сыйлыққа таласып, 23 жастағы әпкесін атып өлтірген.
Бұл туралы The Washington Post басылымы жергілікті шерифке сілтеме жасап хабарлады.
Бойжеткен Рождество қарсаңында «кімм көп сыйлық алды?» деп дауласып, артынша төбелесіп кеткен екі жасөспірім інісін ажыратпақ болған, алайда інілерінің бірі оған оқ атып жіберген.
«14 жастағы ер бала төбелесті тоқтатуға тырысқан әпкесін атып өлтірді, содан кейін оған ағасы оқ атып жаралаған», - деді шериф Боб Гуальтиери.
Қайғылы оқиға болған күні бір жас айырмашылығы бар тетелес ағайындылар анасы, әпкесі және оның екі ұлымен рождестволық сыйлықтар дүкенін аралаған. Сол күні «кім не алды және кімге қанша ақша жұмсалды» деген дау туындаған.
Шерифтің айтуынша, ағайындылардың әрқайсында мылтық болған.
14 жастағы жасөспірім әпкесінің кеуде тұсына оқ атқан, соның салдарынан әпкесі қайтыс болған. Бірнеше секундтан кейін ағасы інісін ішінен атқан. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіледі.
Сондай-ақ інісін жарақаттаған жасөспірімге кісі өлтіруге оқталу және заттай айғақтарды бұрмалау айыптары тағылатыны нақтыланды. Ол өзіне қол жұмсауға әрекеттенген соң психиатриялық ауруханаға жатқызылған.