Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Алматыдағы бірқатар нысандарды аралады

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2016
  • 2520

Елбасы Алматыға жұмыс сапары барысында шаһардағы жаңа мұражай экспозициясымен танысты. Бұл мәдениет ошағы бұрын қазақ халық музыкалық аспаптар мұражайы ретінде таныс болатын. Енді өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасын көрсететін ірі ғылыми әрі мәдени орталыққа айналды. Музей қорында 40 мыңға жуық экспонат сақтаулы. Олардың ішінде бейнелеу өнерінің туындылары, қазақ этнографиясының үздік топтамалары, әр дәуірдегі мәдениетке жататын тұрмыстық заттар, өзге де құнды жәдігерлер бар. Онда мультимедиалық технологияларды қолдану арқылы Алматының көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихымен танысуға болады. Ал мемлекет басшысы жиналғандарға домбыра тартып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


Әлемдегі кез келген ірі қалада музейлер өте көп. Бұған біздің де ерекше назар аударғанымыз жөн. Музейлер туристерді көбірек тарту үшін қажет, ал туризм - әрбір мемлекеттің экономикасының маңызды саласы.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында бірқатар қоғам қайраткерлерін қабылдап, олармен жеке-жеке әңгімелесті. «Қазақ тiлi» халықаралық қоғамын ұзақ жылдан бері басқаратын Өмірзақ Айтбаев мемлекеттік тілдің дамуы туралы баяндады. Мемлекет басшысы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін  алдағы уақытта да қолдау жасалатынын айтты. Елбасы қабылдауында болған қоғам қайраткері, соғыс ардагері Аманжол Қалықов тәуелсіздікті нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру ісіндегі  Нұрсұлтан Назарбаевтың баға жетпес еңбегін атап өтті.