Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада "Патша көңілім, не дейсің?!" спектаклінің премьерасы өтті

Астанада "Патша көңілім, не дейсің?!." спектаклінің премьерасы өтті. Бір жарым сағатқа созылған қойылым әзіл мен қалжынға, қайғы мен мұңға, сағынышқа толы. Онда басты кейіпкерлер әке мен анасы қартайған шағында балалары мен немерелерінен жырақта қалады. Осылайша, көрерменге ата-ананы ұмытпау, қамқорлық жасау, туған жерге оралу қаншалықты маңызды екендігін жеткізеді. Сахналанған комедияның қоюшы режиссері –Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов.

Нұрлан ЖҰМАНИЯЗОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, РЕЖИССЕР:

Көбіне сұрақ қойылады. Неге бұл драма емес? Неге комедия деп. Оныңда бір өзіндік жолдары бар. Мына ситуация не болмаса, ауыл мен қаланың арасындағы қашықтық алыстап кетуі. Сөйтіп бәрінің бастарын қосып, өзіңнің сөзі бар ғой әкесінің бір аунап сол бір әке мен ананың сіңген шаңырағынан жақсылап есіне алсандар деген.

Боранбай МОЛДАБАЕВ, АКТЕР:

Енді бір айдан аса дайындық болды ғой. Мен осы 5 баласы бар, 4 ұлы, 4 келіні, бір қызы бар соның әкесі Әбдірасыл дегенді ойнадым. Сол әке балалардың барлығын шақырып көріп мауқын басады. Қойылым мен ойлаймын қазір көрерменге керек. Өйткені күрделі тақырыптардың бірі.

Биыл еліміздегі театрлар 2 мыңнан астам қойылым сахналанды. Бір миллионнан астам көрермен тамашалады. Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл театр өнеріне деген халықтың жоғары қызығушылығы деп бағалады. Сондай-ақ, министрлік республикалық театрлардың халықаралық фестивальдерге, гастрольдік сапарларға шығуына қолдау көрсетіп келеді. бұл жұмыстар келер жылы да жалғасын табады.