Русский Сайттың толық нұсқасы

Пойызбен эвакуацияланған: Ақмола облысында 200-дей адам жолда қалды

  • AstanaTV
  • 30 желтоқсан 2023
  • 1139

Ақмола облысында қарлы боран болып, 200-ден астам адам жолда қалды. Олар пойызбен эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты "Көкшетау-Астана" бағытындағы жол жабылды. Көкшетаудан елордаға қатынайтын №6830 пойызбен Ақкөл стансасынан 200-ден астам адам эвакуацияланды", – делінген хабарламада.

Компания өкілдерінің мәліметінше, жолаушыларға қажетті көмек көрсетілген.

"Жаңа жыл қарсаңында ауа райының қолайсыздығына қарамастан, теміржолдағы пойыз бригадасының барлық қызметкерлері жолаушылар пойыздарының қозғалысын қамтамасыз етіп, жолаушыларды тасымалдау кезінде қолайлы жағдай жасауда", – деп баса айтты компания өкілдері.