Русский Сайттың толық нұсқасы

"Перзентханада ауыстырып алған". Туған анасын іздеген қазақ балаға қатысты тағы бір дерек шықты

  • AstanaTV
  • 02 қаңтар 2024
  • 820

"Бармысың, бауырым?" бағдарламасының редакторы Әсел Асқарқызы Жәнібекке қатысты тың деректерін жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жәнібек бүгін Қазақстаннан ұшып кетті, бірақ ол оралады, солай ғой, Жәнібек? Қазіргі нәтиже: қолхат жазған, перзентханаға ұлын тастап кеткен әйел табылды, өкініштісі, ДНҚ сараптамасының алғашқы нәтижесі теріс шықты. Тағы да қосымша тексеріп жатырмыз. Қазіргі болжам: бала ауыстырылған сияқты, өйткені перзентхана архивіндегі бүкіл мәліметті растап, қолхат жазғанын мойындап отырған әйел - Жазира табылды. Ал Жәнібек Жазираның ұлы болмаса, Жазираның өз ұлы қайда?, - дейді редактор Әсел Асқарқызы.

Ендігі кезекте 2002 жылғы қаңтарда Арқалық перзентханасында босанған әйелдерге іздеу салатынын мәлім етті.

Нәресте кезінде бала ауысып кетсе, қазір Жәнібектің туған анасы Жәзираның баласын бағып отыруы мүмкін ғой? Жәнібектің фотосына қарап, туған ата-анасы өзін тануы да мүмкін. Бұл тек болжам. Жәнібек "Қазақ" радиосының "Бармысың, бауырым?" хабары редакциясына заң бойынша сенімхат беріп кетті. Аталған оқиғаға қатысты маңызды мәлімет болса, 8-771-321-97-86 (Asel) нөміріне уатсапқа жазсаңыздар болады, кез келген ақпарат құпия түрде қабылданады, - деп жазды ол.