Русский Сайттың толық нұсқасы

Жантүршігерлік қылмыс: әйел адамның бөлшектелген денесі кәріз құдығынан табылды

  • AstanaTV
  • 02 қаңтар 2024
  • 818

Татарстанда жантүршігерлік адам өлімі болды. Екі Өзбекстан азаматы 46 жастағы әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған деген күдікке ілінді. Бұл туралы түрлі ресейлік БАҚ хабарлады.

Massaget.kz хабарлауынша, 46 жастағы әйелдің денесі 25 желтоқсанда кәріз құдығынан табылған. Ол жерде қолы, басы және аяғы бөлшектелген әйелдің денесі табылған. 46 жастағы әйелге 22 желтоқсанда іздеу жарияланған. Анасы жоғалып кеткені туралы ұлы полицияға 25 желтоқсанда хабарлаған.

Оның сөзінше, анасы үш күн бойы байланысқа шықпаған. Соңғы рет анасымен 22 желтоқсанда сөйлескен. 46 жастағы әйелді іздеу жұмыстары бірден басталған. Әуелі оның жұмыста бар-жоғы тексерілген. Алайда күзетші әйел адам ғимаратта жоғын айтқан. Артынша әйел адам тұрған пәтер де тексерілген. Алайда әйел адам ол жерде де болмаған.

Бейнебақылау камерасында марқұм әйел жоғалып кеткен күні таңғы сағат 06.44-те үйге кіргені жазылып қалған. Артынша 07:44-те екі ер адам кірген. Ал сағат 12.05-те екі ер адам лифттен екі үлкен көк пакетпен шығып бара жатқаны көрсетіледі. Артынша олар көк пакетті үйден 100 метр жердегі кәріз құдығына лақтырып жіберген. Дәл осы пакеттен әйел адамның бөлшектелген денесі табылған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті 2001 және 1986 жылы туған екі Өзбекстан азаматы. Олар бұл іске қатысы жоғын айтып отыр. Қылмыс болған күні екеуі де Қырғызстанға ұшып кеткен.