1 қаңтардан бастап газбен жүретін автокөліктерге арнайы белгі жапсыру міндеттелді. Стандарт бойынша– жиегі қара түсті және "GAS" деген жазбасы бар сары теңбүйірлі үшбұрыш жабыстырылуы керек. Елімізде газ жабдығы орнатылған 380 мыңнан астам көлік тіркелген. Жауаптылар темір тұлпарларға белгі орнату арқылы түрлі оқыс оқиғалардың алдын аламыз дейді. Әзірше белгі жабыстырмаған жүргізуші жазаға тартылмайды. Себебі, Ішкі істер министрлігі жол жүру ережесіне өзгерту енгізіп жатыр. Түзетулерден кейін арнайы белгіні жапсырмағандар 11 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды
Қуаныш ЕЛІКБАЕВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біз бірнеше елде болдық. "GAS" белгісі жапсырылған көліктерді көрдік. Мұның барлығы паркингтер мен көлік тұрағында қауіпсіздік шараларын сақтау үшін маңызды. Бізде жабық тұрақтарға газбен жабдықталған көліктердің кіруіне тыйым салынады. Себебі, жарылып кетуі мүмкін. Тіпті, ғимарат қирап, адам шығыны болған кездерді де білеміз. Сондықтан бұл белгі барлығына көліктің газбен жабдықталғаны туралы ақпарат береді.