Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде 300 мыңға жуық адам қант диабетімен ауырады

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2016
  • 2389

Елімізде шамамен 300 мыңдай адам қант диабетімен ауырады. Бұл көрсеткіш жыл сайын 12 пайызға артып келеді. Науқастардың 40 пайызға жуығы - балалар. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратында өткен «Абайлаңыз, диабет жаныңызда» атты дөңгелек үстелде мәлім болды. Жиынға мәжіліс депутаттарымен қатар, денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысты. Олардың дерегінше, қант диабетіне тап болғандардың 90 пайызында сырқаттың екінші деңгейі анықталады.

Серікбол Мусинов, «СК Фармация» ЖШС басқарушы директоры:

Бұл ауру жыл сайын 3-4 пайызға артып отыр. Бірақ біздің мемлекеттің жетістігі  - осы ауыруға дәрі - дәрмек, оның ішінде инсулин де бар, соның бәрін толық қамтыған.

Дерттің асқынуы жүрек-қан тамыры ауруларына соқтырады. Көру қабілеті нашарлап, бүйрек қызметі бұзылады. Дәрігерлердің сөзінше, ауруды асқындырмай ұстау оны емдеуден 12 есе арзанға түседі. Алайда мамандар диагноз қойылған күннің өзінде онымен күресіп жазылып шығуға болатынын айтады.

Наталья Годунова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Диабетпен күрестің екі түрі көп қолданылады. Алғашқысы дәрігерлерге қатысты, яғни профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру және емдеу. Ал екіншісі тікелей өзімізге байланысты. Сау адамдар қарапайым тексеруден жиі өтіп тұруы керек. Ал, сырқат жандар өз өзін бақылауды үйреніп, дұрыс тамақтанып, белсенді қозғалыста болғаны абзал.