Русский Сайттың толық нұсқасы

72 мыңнан астам көлік кері қайтарылады

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2024
  • 858

Tesla Korea, Hyundai Motor Co. және тағы төрт өндірушінің 72 мыңнан астам көлігі кері қайтарады. 

 Yonhap ақпарат агенттігінің ақпаратынша, көлік бөлшектерінде ақау бар.

Tesla шығарған шамамен 63 991 көлікте, соның ішінде Y моделіндегі автопилот жүйесінде бағдарламалық қате, ал Model X-тің шамамен 1 990 бірлігінен соқтығысқан жағдайда есікті құлыптау механизмінде кемшіліктер анықталды.

Hyundai көлігінің 2400-ге жуық, соның ішінде G80 моделінің артқы дөңгелегінің жетек білігінен ақау шықты.  

Ford Mustang маркалы 2156 көлік тежегіш сұйықтығы аз болған кезде ескертуді дұрыс бере алмады.

Nissan-ның 1100-ге жуық көлігінде, соның ішінде Altima 2.0 моделінде артқы көрініс камерасы дұрыс емес. 

Kia Seltos автокөлігінің 922 бірлігі қауіпсіздік көпшігі жүйесіндегі ақауларға байланысты кері қайтарылды, Honda Odyssey маркалы 49 минивэнда қозғалтқыш бөліктерінде кемшіліктер бар.