Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасында қаржының қалай есептелетінін түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазақстан азаматы болып саналатын барлық балаға жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы есептеледі. Табыс 18 жыл бойы есептеледі. Есепті жылы барлық бала ақшаны бірдей мөлшерде алады.
Сондай-ақ балаларға есепті жылға дейінгі жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануды жалғастыра береді. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.
Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептеледі. Балалар 18 жасқа толған жылы нысаналы талаптар нысаналы жинақтау шотына есептеледі және 18 жасқа толғаннан кейін кәмелетке толғандар жинақты 2 мақсатқа – тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға жұмсай алады. Нысаналы талаптарға қатысушы немесе БЖЗҚ-да нысаналы жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда, бұл нысаналы жинақтар Қазақстан заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Балалардың заңды өкілдері не істеуі керек:
Баланың жеке басын куәландыратын құжатты, оның ішінде жеке сәйкестендіру нөмірін алу (егер бұл қандай да бір себептермен әлі жасалмаған болса);
Деректемелердің бар-жоғын және олардың дұрыстығын тексеру: кәмелетке толмаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, ЖСН, азаматтығы;
«Электронды үкімет» веб-порталындағы Жеке кабинеттің «Балалар туралы мәліметтер» бөлімінде өзінің балалары туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеру.
Егер балада:
Жеке басын куәландыратын құжаты, ЖСН-і жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) жүгіну қажет;
Азаматтығы жоқ немесе анықталмаған немесе дұрыс көрсетілмеген болса, тұрғылықты жері бойынша Көші-қон қызметіне жүгінуі керек.