Русский Сайттың толық нұсқасы

Ерке Есмахан оқырмандарына кеңес берді

  • AstanaTV
  • 06 қаңтар 2024
  • 821

Әнші Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі өмірін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әлеуметтік желіде белсенді жұлдыз оқырмандары жолдаған бірқатар сұраққа жауап берді.

"Айтпақшы сол күйзелісті күтіп едім, келмеді. Кішкентай бөпенің иісі аңқып жатқанда ненің күйзелісі? Сондықтан жаңа босанған аналар, сенбеңіздер. Керісінше, шүкір айтып, осы сәттен ләззәт алыңыздар. Өйткені бұл сәт қайтып келмейді.
Жүктілігім мінсіз болды. Аурулар мені айналып өтті. Саяхаттап, ән шырқап, бейнебаян түсіріп, ойнап күлумен 9 ай тез-ақ өтіп кетті. Сол үшін тағы қыз туамын деп отырмын ғой", - деп жазды ол.