Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында полиция ішімдікке салынған отбасының баласын алып қойды

  • AstanaTV
  • 07 қаңтар 2024
  • 977

Павлодар облысында полиция ішімдікке салынған отбасыдан баласын алып қойды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Ведомство мәліметінше, Көршілердің жаңа жылдық мерекелерінен шаршаған үй тұрғындары полицияға қоңырау шалып, пәтерде жас баланың жылап жатқанын және оның ата-анасы үнемі ішімдік ішетінін айтқан.

Қазір баланың денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол облыстық балалар ауруханасы мамандарының бақылауында. Емдеу курсынан кейін нәресте балалар үйіне орналастырылған.

"Мұндай шақыруларға біз қорғаншылық органдарымен бірлесіп барамыз. Пәтерде біз 1 жас 8 айлық жылап жатқан баланы және оның мас күйде болған ата-анасын көрдік. Пәтер тазаланбаған, заттар, ойыншықтар, тамақ пен ыдыс-аяқ бүкілі пәтерде жиналмай жатты. Жедел жәрдем шақырылды. Тексеруден кейін мамандар баланы ауруханаға жатқызуға шешім қабылдады, – деді Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің аға инспекторы Рада Қасымова.